2025 жыл 4 желтоқсанда Басқарма төрағасы – университет ректоры Н.О. Дулатбеков «Заң және Қоғамдық тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» атты халықаралық конференция аясында өткен панельдік сессияға қатысты. Іс-шараны Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясы халықаралық серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды.
Нұрлан Орынбасарұлы өз баяндамасында еліміздің цифрлық трансформация жағдайындағы ғылым мен білімнің рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде цифрландыру тек технологиялық жаңғыру ғана емес, сонымен қатар құқықтық реттеудің жаңа стандарттарын қалыптастыруды, алгоритмдердің ашықтығын, деректерді қорғауды, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерінің заманауи цифрлық үдерістерге бейімделуін қажет ететінін атап өтті.
Баяндама аясында «LegalExpert.kz» цифрлық платформасы таныстырылып, ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдаудың, әкімшілік кедергілерді жоюдың және қолайлы ғылыми экожүйе қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.


2025 жылдың 3 желтоқсанында академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗИ Басқарма төрағасы және ректоры есеп беру жиналысында оқытушыларға LegalExpert.kz цифрлық платформасын таныстырды.

2025 жылдың 2 желтоқсанында зерттеу тобы серіктес ұйыммен бірлесіп, LegalExpert.kz цифрлық платформасының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қатысты пікірлерге берген жауаптарын талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.

2025 жыл 25 қарашада «LegalExpert.kz» цифрлық платформасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевқа таныстырылды.


2025 жыл 20 қарашада «Itbydesign» ЖШС-ның даму жөніндегі директоры Мабиев Е.К. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Жасанды интеллект дәуіріндегі сот сараптамасының болашағы» атты Халықаралық форумға қатысты.
Мабиев Е.К. «Жасанды интеллект әділеттілікке қол жеткізу мәселесін шешуге қалай көмектесе алады» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға LegalExpert.kz цифрлық платформасын таныстырды.


2025 жылдың 3 қарашасында ғылыми-зерттеу тобы жұмыс кездесуін өткізіп, азаматтық сот ісін жүргізу жағдайлары бойынша жауаптар генерациялау мәселелерін талқылады.


2025 жыл 29 қазан күні ғылыми-зерттеу тобы сот құжаттарын генерациялау бөлігінде платформаны тестілеу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.


2025 жылғы 10 қазанда Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Жасанды интеллект және сот төрелігі: болашақтың этикалық бағдарлары» атты Халықаралық ғылыми дайджест өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен іске асырылатын «Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы халқының сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы шеңберінде өткізілді. Дайджест аралас форматта өтті.
Талқылауға Қазақстан, АҚШ, Польша және Ресейдің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының өкілдері, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ LegalExpert.kz цифрлық платформаның амбассадорлары қатысты.
Күн тәртібі аясында қатысушылар келесі негізгі мәселелерді қарастырды:
1. ЖИ сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз етудегі рөлі.
2. ЖИ дамуының ұлттық стратегияларын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі.
3. ЖИ заң саласында қолданудың этикалық аспектілері.
Генеративті ЖИ этикасы, цифрлық сот ісін жүргізу мәселелері, сондай-ақ зияткерлік жүйелерді сот-құқықтық практикаға интеграциялау мәселелері (LegalExpert.kz цифрлық платформа мысалында) туралы баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.).









2025 жыл 2 қазан күні ғылыми-зерттеу тобы техникалық әзірлеушілермен бірлесіп жұмыс кездесуін өткізіп, пилоттық жобаның аралық қорытындыларын талқылады.



2025 жылғы 18 қыркүйекте ғылыми-зерттеу тобы жұмыс кездесуін өткізді, оның барысында күнтізбелік жоспарды іске асыру мәселелері талқыланды.


2025 жыл 8 қыркүйекте зерттеу тобы Халықаралық дайджестке дайындық мәселесі бойынша жұмыс кездесуін өткізді.


29 тамызда ғылыми-зерттеу тобы серіктес ұйыммен цифрлық платформаның қылмыстық іс жүргізу интерфейсін талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.

2025 жыл 24 тамызда зерттеу тобы платформаның жұмысы бойынша сот процесіне дайындық жайында воркшоп өткізді. Воркшоп барысында азаматтық және қылмыстық іс жүргізу негізінде интерфейс мәселелері талқыланды.

2025 жылғы 24 тамызда зерттеу тобы цифрлық платформаның мазмұнын толықтыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.


2025 жылғы 21 тамызда зерттеу тобы пилоттық жоба барысын талқылау үшін аралас форматта жұмыс кездесуін өткізді.

14 тамыз 2025 жылы зерттеу тобы сот процесіне дайындық жүйесінің интерфейсін талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.


2025 жылы 13 тамызда ғылыми-зерттеу тобы серіктес ұйыммен бірге LegalExpert.kz платформасының құрылым мәселелері бойынша онлайн форматта кездесу өткізді.


2025 жылы 30 шілдеде ғылыми-зерттеу тобы серіктес ұйыммен бірге күнтізбелік жоспарды іске асыру мәселелері бойынша аралас форматта кездесу өткізді.

2025 жылы 29 шілдеде ғылыми-зерттеу тобы сот процестеріне дайындық жүйесін әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

2025 жылғы 25 шілдеде зерттеу тобы серіктес ұйыммен бірге LegalExpert.kz цифрлық платформасын сынақтан өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.


25 июля 2025 года исследовательская группа провела рабочую встречу совместно с партнерской организацией по вопросам тестирования цифровой платформы LegalExpert.kz


17.07.2025 ж.
Зерттеу тобы IT BY DESIGN серіктес ұйымымен бірлесіп жұмыс кездесуін өткізді, онда LegalExpert платформасының апелляциялық және кассациялық инстанциялар бойынша жауап құрылымдары талқыланды.



14.07.2025 ж.
Зерттеу тобы аралас форматта жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында пилоттық жоба аясында LegalExpert.kz цифрлық платформасының жұмысын жетілдіру бойынша міндеттер қойылды.

11.07.2025 ж.
Зерттеу тобы Google meet онлайнда жобаның ғалымдары мен IT серіктеспен бірлесіп әрі қарай жұмыс жасау нұсқаулықтар мен тәртіптері бойынша тақылау кездесуі өткізді. Кездесу барысында LegalExpert.kz цифрлық платформасының қызмет ету барысы талқыланып, пилоттық жобаның аралық нәтижелері қарастырылды.


02.07.2025 ж.

2025 жылғы 16 мамырда ғылыми-зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы аралас форматта жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қарағанды өңірінде халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) қолдану арқылы Пилоттық жобаны ұйымдастыру және іске қосу мәселелері талқыланды.

14.05.2025 ж.
2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау қызметі комитетінің «Жасанды интеллект: құқық қорғау және сот қызметіне енгізілуі мен қолданылуы» тақырыбына арналған ашық отырысы өтті. Отырыста Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Сидорова Н. В. және «IT by design» ЖШС даму жөніндегі жетекшісі, жоба серіктесі Мабиев Е. Қ. сөз сөйледі.
Спикерлер "Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы халқының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері" тақырыбы бойынша мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында зерттеу тобы әзірлеген «Legal expert» цифрлық платформасының тұсаукесерін ұсынды.



2025 жылғы 17 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жобаны жүзеге асыру аясында «ӘДІЛ СОТТАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАЙДЖЕСТ өтті. Шара “Жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы халқының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері” атты жобасына бағытталған. Іс-шара аралас форматта өтті. Халықаралық дайджест бағдарламасы төменде көрсетілген.



15.04.2025 жылы ғылыми-зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы жұмыс кездесуін өткізді, онда "Сот төрелігіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен тәуекелдер" атты халықаралық дайджестін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

2025 жылғы 17 сәуірде сағат 16:00-де академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конференц-залында «Әділ соттағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» атты Халықаралық дайджест өтеді.
Іс-шара «Жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы халқының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» (қаржыландыру көзі – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті) BR24992826 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өтеді.
Қатысушы/баяндамашы ретінде тіркелу үшін Бачурин С.Н.-ге хабарласу қажет. Байланыс телефоны: +7 700 242 2882; e-mail: bachurin_s@mail.ru.

04.04.2025 жылы ғылыми-зерттеу тобы қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі уақыт және қаржылық шығындарды талдауға қатысты жұмыс кездесуін өткізді

15.03.2025 жылы ғылыми-зерттеу тобы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат И.А. Махловтың және Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Б.А. Шайзадаевтың қатысуымен воркшоп өткізді.


13.03.2025 жылы ғылыми-зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы жұмыс кездесуін өткізді, онда сот ісін жүргізуде жеңіске жету мүмкіндігінің жоғары шегін анықтау мәселелері талқыланды

12.03.2025 жылы ғылыми-зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы жұмыс кездесуін өткізді, онда күнтізбелік жоспарды орындау мәселелері талқыланды.

21.01.2025 ж.
21.01.2025 ж. сағат 15.00 де. ZOOM платформасында зерттеу тобының кезекті кеңесу жиналысы өтті. Жиналысқа барлық зерттеу тобының мүшелері және арнайы шақырылған қонақтар социолог мамандар қатысты. Социолог мамандардың қатысу себебі кеңесу жиналысы әлеуметтік зерттеу, сауалнама жүргізудің шарттары мен талаптары, әдістері туралы мәселелер көтерілді. Нақтырақ айтсақ келесі мәселелер талданды: Әлеуметтік сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін талқылау. Сауалнама тақырыбы бойынша зерттеу әдістерін анықтау. Сауалнама сұрақтарын әзірлеу және мақұлдау. Сауалнама жүргізу мерзімдері мен жауапкершіліктерді бөлісу. Алдын ала нәтижелерді талдау және қорытындылар.



28.12.2024 ж.
2024 жылғы 28 желтоқсанда BR24992826 «Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы Қазақстан Республикасы тұрғындарының сот төрелігіне қол жетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» жобасы аясында зерттеу тобы «Инновациялық технологиялар паркі» (Astana Hub) дербес кластерлік қорының алаңында көшпелі отырыс өткізді. Кездесу барысында "академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ мен Astana Hub арасында Бас директор М.Д. Мәдиевпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, бас ғылыми қызметкер Л.К. Кусаинова зерттеу тобының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті қорытындылады. Кездесу қорытындысы бойынша 2025 және 2026 жылдарға арналған міндеттер белгіленді.



23.12.2024 ж.
23.12.2024 ж. сағат 15.00 де. ZOOM платформасы арқылы зерттеу тобы кездесіп кеңес өткізді. Кездесуде кеңесілген тақырыптар:
1) Жүйе пайдаланушыларының заң саласындағы тәжірибесі мен білімі төменнен бастап кәсіби біліктілікке дейін градациялау - осындай кескіндемелері бар пайдаланушылардың рейтингтік тізімі (5-ке дейін) тақырбында зерттеу тобының әрбір мүшесі дайындаған ұсыныстарын талқылау болды.
2) Жоба тақырыбы бойынша Евгений Петрович, Амантай Абдолла, Асхат ұсынылған эскиз логотивтер талқыланды және келесі кездесуде зерттеу тобының әрбір мүшесі өз ойлары мен ұсыныстарын дайындап келетін болды.
20.12.2024 ж.
2024 жылдың 20 желтоқсанында зерттеу тобы жұмыс кездесуін өткізді, оның барысында сот талқылауында жеңіске жетудің жоғары мүмкіндігінің критерийін анықтау мәселесі талқыланды.
19.12.2024 ж.
2024 жылдың 19 желтоқсанында зерттеу тобы жұмыс кездесуін өткізді, онда келесі мәселелер талқыланды:
1. Азаматтарды сот процестеріне цифрлық даярлаудың қажеттілігі мен мүмкіндіктерінің теориялық негіздемесі.
2. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын және олардың сот процестеріне қатысуға дайындығын бағалау әдістемесі.
3. Азаматтарды сот талқылауына дайындаудың цифрлық жүйесінің тұжырымдамалық моделі.
4. Сандық дайындық құралдарының сот жүйесінің тиімділігіне ықтимал әсерін талдау.


06.12.2024 ж.
BR24992826 «Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы тұрғындарының сот төрелігіне қол жетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» жобасы аясында жұмыс тобы жасанды интеллект құралдарын интеграциялау саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу мақсатында 06.12.2024ж.-12.12.2024ж. аралығында Дубайға іссапармен барды.
Зерттеу тобы Amity университетіне, GBS университетіне барды, PhD докторы Мохит Вижа, Паван Бхатияның қатысуымен семинарлар өтті.
Жасанды интеллект саласындағы шет мемлекеттердің тәжірибесін енгізу мәселелерін талқылау бойынша жұмыс сессиялары өткізілді. Ғылыми зерттеулердің траекториялары түзетілді, жақын болашаққа міндеттер белгіленді.


30.11.2024 г.
2024 жылдың 30 қарашасында зерттеудің ғылыми траекториясы бойынша жұмыс кеңесі өтті.
24.10.2024 ж.
Ғылыми-зерттеу тобының жетекшісі, профессор А.М. Серікбаев, «ITby Design» ЖШС серіктес ұйымының өкілімен кездесті.
22.10.2024 ж.
Ғылыми топтың бас ғалымы, басқарма төрағасы – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ректоры, профессор Н.О. Дулатбеков «ITby Design» ЖШС серіктес ұйымының өкілдерімен кездесті.
08.10.2024 г.
Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында 2024 жылдың 8 қазанында сот актілерін талдауға қатысты мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
25.09.2024 ж.
Зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы «ITby Design» ЖШС серіктес ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, онда болашақ бағдарламалық өнімді оқыту мәселелері талқыланды. Азаматтық істер бойынша шешімдерді өңдеу жұмыстары басталды.
24.09.2024 ж.
Зерттеу тобы ZOOM платформасы арқылы «ITby Design» ЖШС серіктес ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, онда болашақ бағдарламалық өнімді оқыту мәселелері талқыланды.
11.09.2024 г.
В конференц-зале Карагандинского исследовательского университета им. Е.А. Букетова состоялось заседание членов исследовательской группы грантового проекта BR24992826 «Инновационные подходы обеспечения доступности правосудия населению Республики Казахстан, с использованием инструментов искусственного интеллекта».
Ректор Букетов университета Н.О. Дулатбеков отметил, что членами исследовательской группы проделана большая работа, в результате которой заявка на участие в конкурсе на программно-целевое финансирование по научным, научно-техническим программам на 2024-2026 годы набрала самый высокий балл и прошла все отборочные туры.
В ходе заседания участники рассмотрели ключевые аспекты проекта и ответственность за невыполнение запланированных задач. Также была обозначена важность междисциплинарного подхода, который позволит объединить усилия специалистов в области права, экономики, информатики и других наук.
Кроме того, на встрече были намечены планы на 2024-2026 годы. В их числе разработка цифровой платформы для населения, упрощающей получение юридических услуг, написание монографии и научных статей в высокорейтинговые журналы, получение патента, международные дайджесты с участием зарубежных ученых и т.д.
Члены исследовательской группы выразили уверенность в том, что применение инструментов искусственного интеллекта откроет новые горизонты для правосудия в Казахстане, сделав его более доступным и эффективным для граждан Республики Казахстан.

